» » Көк туымыз өз тұғырынан төмендемесінші

Көк туымыз өз тұғырынан төмендемесінші

Бүгін мемлекет басшысының Жарлығымен тәуелсіз еліміздің тарихындағы 9-шы қаралы күн жарияланды. Күнмен таласа көкте желбіреген көк туымыздың бір сәт төмен түсірілуі әрбір азамат үшін ауыр жағдай екендігі сөзсіз.
         Әлемді әбігерге салған індет миллиондаған жанға жұғып, мыңдаған адам құрбанына айналды. Елімізде әлемнің бір бөлшегі ретінде бұл дерттен тыс қала алмады. Қаншама азаматтарымыз келместің кемесіне мініп, жарық дүниемен қош айтысса, ауруханада індетпен күресіп жатқан жандар қаншама?
         Бүгінгі күн бір сәт осы жандарды еске алып, рухына бас иіп тағзым жасайтын шақ.
         Бейресми түрде үшінші дүниежүзілік соғыс деп аталып кеткен індетпен күресте алдыңғы шепте жүрген ақ халатты дәрігерлерге, төтенше жағдай қызметкерлеріне, меценаттар мен ерікті азаматтарға көпшіліктің алғысы ұшан теңіз.
         «Антыма адал боламын» - деп жан қиярлықпен күресе жүріп, вирустың шеңгеліне түскен дәрігерлер қауымыда жетерлік.
         Бүгінгі күн – ұлттық аза тұту күні. Қайғыра отырып, еліміз бұл дерттен тезірек құтылса деген ниеттестігімізді білдіреміз.
         Тәуелсіз еліміздің көк туы өз тұғырынан төмендемесінші деген азаматтық тілегімді қоса жеткізгім келеді.
   Саймағанбетов Нұрлытаң Кәдірбекұлы
Облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының маманы.
13 шілде 2020 ж. 274 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930