» » Татуласу – даудың ең ұтымды шешімі

Татуласу – даудың ең ұтымды шешімі

    Дала билігінің дара тұлғалары – Төле, Қазыбек, Әйтеке секілді дана билер ел арасындағы кез келген дау-дамайды бітімгершілік жолымен шешіп, халқымыздың бірлігін, жеріміздің тұтастығын сақтауға баса назар аударған. Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңы аты бөлек болғанымен, қазақ құқығы үшін жат дүние емес. Бұл «алдыңа келсе, атаңның да құнын кеш» деген қағиданы басшылыққа алған дарабоз билердің дәстүрлі билік жүргізу тәсілінің заңды жалғасы деп есептеймін.
«Медиация ту¬ралы» Заңның 1-бабында оның қол¬данылу аясы белгіленген, яғни же¬ке немесе заңды тұлғалар қа¬ты¬са¬тын азаматтық, еңбек, отба¬сы¬лық және өзге де құқықтық қа¬ты¬настардан туындайтын даулар, сондай-ақ онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстық істер бойынша сот ісін жүргізу барысында қаралатын даулар ме¬диацияның қолданылу саласы болып табылады.
Медиатор – кәсіби және кәсіби емес негізде медиация жүргізу үшін тараптар тартатын тәуелсіз жеке тұлға.
Түрлі даулы мәселелерге байланысты екі жақта медиаторларға жүгіне алады. Медиатордың міндеті – екі жақты татуластырып, бітістіру.
Медиаторға судьяның өкілеттілігі берілмеген, ол шешім қабылдай алмайды және тараптарға өз шешімін орындауға міндеттемейді. Өзінің бейтараптығы арқасында медиатор даудың мән-жайын әділ бағалап, жүгінген мәселені оңтайлы шешімін табуға өзінің заңда көрсетілген міндеттерін орындайды.
Медиация рәсімінің сот жұмысына берер пайдасы өте көп, ол сотта қаралатын істердің санын, судьялардың жүктемесін, ең ақырында дауласып келген тараптардың да шығынын азайтады.
Бұрынғы кезде қазақ халқы «бас жарылса – бөрік ішінде, қол сынса – жең ішінде» деп, қандай дауды болмасын сабырлықпен, көптің қатысуымен, елдің төрелік етуімен, билердің билік құруымен шешіп отырған. Бітім, құн беру, келісімге келу, ағайыншылық жолдарымен талай күрделі мәселенің күрмеуі шешілген. Билер алқасы арқылы дау-дамай, жанжал ғана емес, азаматтық, елдік, рулық мәні бар мәселелерде кең көлемде жауабын тауып отырды. Әрдайым қара қылды қақ жарған әділдікті берік сақтаған халқымыздың ежелден ұстанымы осындай болды. «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген мақал халықтың тәжірибесінен алынған.
Қай уақытта да даудың бітіммен аяқталуы ол үлкен жеңіс. Медиация арқылы бітімге келіп аяқталып жатқан әрбір іс, ол ең алдымен тараптарға тиімді шешім.

 Жанар Пазылова,
                                     Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының жетекші маманы

29 маусым 2020 ж. 199 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031