» » Жедел желі қосылды

Жедел желі қосылды


 
 Облыстық "Жастар ресурстық орталығының" директоры Бауыржан Мәстеков пен орталық жанынан құрылған "Волонтерлар фронт офисінің" өкілдері облыстық экология департаментінің басшысы Марат Құрмановтың қабылдауында болды.
– Біз бірлесе жұмыс істеуді қолдаймыз, бұрын да бірге көптеген жұмыстар атқардық. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев экология мәселесін жүйелі түрде шешуді тапсырды. Еліміз бойынша заңсыз қоқыс орындары бойынша жедел желі де іске қосылды, – деді департамент басшысы.
Келелі кездесуде еріктіліктің "Таза әлем" бағыты талқыланып, фронт-офис жетекшісі Болатбек Айтбенбетов бірлескен жобаларды қолға алуға шақырды. Өздеріңіз білетіндей, "Таза әлем" бағыты – қоршаған ортаны қорғау, өзен арнасын тазарту, ағаш отырғызып, қоқысты сұрыптауды көздейді. Табиғат сақшылары бұған дейін бұл бағытта бірқатар бастаманы жүзеге асырды.  Ендігі мақсат – бұл мәселеге атүсті қарамай, әрбір азаматтың қоршаған ортаны қорғауға үлес қосуы.
30 шілде 2020 ж. 492 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930