Тізгін


   Кез келген әйел бақытты әрі ұзақ өмір сүргісі келеді. Ол үшін әйел көп нәрсені қажет етпейді. Қарапайым қалау-тілегімен-ақ ол бақыт таба алады.
Мысалы, әйелдердің де өз хоббиі бар, ол да үй шаруасынан бір ауық босап сүйікті ісімен айналысқысы келеді. Күні бойы үйде болғанымен, жексенбі күні ол да әдемі демалысты аңсайды. Ол да өзін еркелеткенді, мақтағанды, жұбатқанды, аялағанды ұнатады. Сол үшін атам қазақ: "Жақсы әйел ‒ жаман еркектің басын төрге сүйрейді, жаман әйел ‒ жақсы еркектің басын көрге сүйрейді" деп айтқан. Бірақ бұл қабілет бейтарап, яғни оны қай мақсатта қолданылуы әйелдің тікелей парасаттылығына байланысты. Төле би бабамыздың: "Әйелің жақсы болса, бірінші ‒ иманың, екінші ‒ жиғаның, үшінші ‒ ырысыңның тұрағы" деген сөзі текке айтылып па? Жоқ. Бұл ғасырлар дәлелденген заңдылық!
Құрметсіздік
Ер адамға құрмет көрсету ‒ оған деген махаббатыңызды жеткізудің бірден бір жолы, сондықтан да еріңізге құрмет көрсете алмасаңыз, ол мұны арадағы сезімнің суып бара жатқаны деп қабылдауы ықтимал. Ер адамды сыйлау деген сөз – ол кісінің үйдегі орнының ерекше екенін көрсету, кез келген шешім қабылдамас бұрын ол кісімен кеңесу, берген кеңестерін қабылдау, сөзін бөлмеу. Ер адам өзін отағасы деп қабылдайтын, оған демеу болатын, тиісінше құрмет көрсете білетін жарды таңдағаны жөн. Ал, әйел баласы басымдықты ер адамға беріп, отағасын бірінші орынға қоюы тиіс, ал қызметі, үйі, туыстары, құрбылары екінші, үшінші орында болса жеткілікті. Отбасындағы кикілжіңдер көбінесе осы басымдықтың дұрыс қойылмағаны үшін туындап жатады.
Өсек
Әйел баласының сөзшеңдігі әрі қаңқу сөздерге жақын келетіні жасырын емес. Кез келген жерде әңгіме-дүкен құрып жіберуге дайын тұрады. Алайда кей кездері сөз арасында тіптен шектен шығып, өзгелердің жеке өмірін, қадір-қасиетіне шейін сөз етіп жібереміз. Отағасымен ара-қатынасымызды туысымыз, құрбымыз білуге тиіс пе? Бұл мәселе айналадағы жандардан жасырын қалуы тиіс! Егер күйеуіңіздің бойынан ерсі қылық байқар болсаңыз, жарияға жар салып, оны ұятқа қалдырмай, оңашада жұмсақ жеткізген жөн. Әйтпесе жылы ұяңыздың бұзылуына әкелуіңіз мүмкін.
Шағымдану
Үнемі шағымданып, ызыңдап жүретін адаммен сөйлескен соң қандай әсерде боламыз? Әлбетте, жағымсыз. Күйеуіңіздің көзіне үнемі шағымданып жүретін қанағатсыз адам ретінде қалыптасуды қалайсыз ба? Егер қаласаңыз, онда жасқанбай кез келген нәрсеге шағымданып, қанағатсыздық таныта аласыз. Алайда үнемі шағымдана бергеннен өміріңіз жақсарып кетпейді. Өзіңізді мазалайтын дүниелерді бүкпестен жолдасыңызға айта аласыз, алайда бұл сіздердің өмір бойы талқылайтын жалғыз мәселеге айналып кетпеу керек.
Сын айту
Ешқандай адам өзіне тағылған сынды тыңдағанды ұнатпайды. Олай болса сіздің де күйеуіңіз сынды қуана қабылдайды деп айту қиын. Ол – толыққанды қалыптасқан жеке тұлға. Өзінің жеке ойы, көзқарасы бар. Ал сіздің таққан сыныңыз оның жеке әлемін бұзуы мүмкін, ал бұл қателік. Бұл қылығыңызбен күйеуіңіздің көңілін қалдырып, қатігез болуына жол ашасыз. Үнемі өзіне қарата айтылған сынды жаңсақ түсініп, ара-қатынастың суып кетуіне алып келуі бек мүмкін.
Ұлттың тізгіні де әйелдердің қолында емес пе? Иманды һәм ибалы, ұятты әйелден, намысты һәм рухы биік батырлар туады. Алла әуел бастан еркек пен әйелді бір-біріне тәуелді етіп жаратты. Олар өзара иық тіресіп, бейбіт өмір сүрулері тиіс. Сондықтан құрметті әйелдер қауымы, осы қабілетті игі мақсатқа пайдаланыңыздар. Қалыпты ұсақ-түйек заттардан бақыт таба біліп, қолда барға шүкір ете біліңіздер!

Айнара ҚҰРМЕТ
06 тамыз 2020 ж. 289 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031