» » Қызылордалық полицейлермен есепте тұрған 2962 тұлға тексерілді

Қызылордалық полицейлермен есепте тұрған 2962 тұлға тексерілді

   
Қызылорда облысы бойынша «Тұрмыс» жедел іс-шарасының қорытындысымен 305 адам ішкі істер органдарының есебіне алынып, оның 175-не қорғау нұсқамалары шығарылса, 27-і құқық бұзушыға міңез-құлқына сотпен ерекше талаптар белгіленді. Қолайсыз отбасы санатымен 7 отбасы, 60 адам маскүнем санатымен есепке алынды. Сонымен қатар, шара барысында 395 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.
   Мысалы, 20 тамыз күні сағат 10:25 шамасында Қызылорда қаласының 73 жастағы азаматшасы өзінің 47 жастағы маскүнем баласынан қорғауды сұрап арызданған. Қызылорда қалалық Полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторы полиция лейтенанты Битасов Нұрым арыз бойынша отбасында жанжал шығарушы бұзақыға 30 тәулікке қорғау нұсқамасын шығарып, қазіргі таңда тәртібіне қадағалау жұмыстарын жүргізуде.
Қазақстан Республикасы әкімшілік кодексінің 73 - бабымен (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) 32 адамға, 73-1 (Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) және 73-2 бабымен (ұрып-соғу)- 50, 127 бабымен (Ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң балаларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердiорындамауы)- 10, 200 - бабымен (Алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу)- 8, 442 - бабымен (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы)- 163, 440 - бабымен (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) - 115, 461 - бабымен (Қорғау нұсқамасын бұзу)- 12, 423-1 бабымен (Жиырма бір жасқа толмаған адамдарға темекі бұйымдарын сату)- 2 дерек анықталды.
Іс-шара кезінде есепте тұрған 2962 тұлға мекен-жайларынан тексерумен қамтылды.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі
28 тамыз 2020 ж. 295 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930