«123-ШАҚЫРУ» ЖАҢА ЖОБАСЫ ІСКЕ АСЫРЫЛАДЫ

Мақсат – «Азаматтық қорғау туралы» Заңда көзделген функцияларды іске асыру, төтенше жағдайлардың туындау тәуекелін барынша азайту, адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтау.
Ынтымақтастық аясында «123-Шақыру» жаңа жобасы іске асырылмақ. Жоба іздеу жұмыстарына волонтерлер мен жастарды оқытуды қарастыратын болады. Сонымен қатар жоспарда:
халыққа өрт қауіпсіздігі және судағы жүріс-тұрыс қағидаларын сақтау бойынша жадынамалар таратып, профилактикалық іс-шаралар өткізу;
табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою кезінде өзара көмек көрсету;
азаматтық қорғау органдарының бейінді оқу орындарына түсу үшін, сондай-ақ жұмысқа тұру үшін оқушылар мен жастар арасында кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізу;
төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарға халықтың дайындығын ұйымдастыру, алғашқы медициналық көмек көрсетуге атсалысып, ынтымақтаса тәжірибе алмасу бар.