Құрметті облыс тұрғындары!
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2018 жылы 19-23 ақпан аралығында «Контрафакт» республикалық акциясы өткізіледі.
Акцияда «Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау» тақырыбына ең үздік мақалаға, «Контрафактіге орын жоқ» тақырыбына үздік қысқа бейне блогқа және үздік билборд эскизіне конкурс өткізіледі.
Конкурсқа 14 жастан жоғары жас санаттағы жеке тұлғалар - ҚазақстанРеспубликасының азаматтары қатыса алады.
Байқау және өтінім формалары туралы ақпарат әділет департаментінің www.kzl.adilet.gov.kz сайтында орналастырылған.
Байқауға қатысу туралы өтінімдер 2018 жылдың 9 ақпанынадейін Қызылорда қаласы, Абай даңғылы, 52-үй, 406 кабинетте қабылданады, байланыс телефоны: 8 (7242) 23-10-08.
Конкурстың жеңімпаздары диплом және жүлделермен марапатталады, қорытындысы Министрлікпен 2018 жылғы 23 ақпанда жарияланады.
Қызылорда облысының Әділет департаменті