Ана тілім

Тілім менің,
қастерлім, алтын тұғырлым,
Байлығым сенсің,
қатеңді сөзсіз ұғындым.
Жалғанда мынау, жалқы боп жүрек жаураса,
Өлеңім от боп, жалынға сендік жылындым.

Дүбара жүр-ау, түсіріп талай құныңды,
Шен тағып мәнсіз, жалпағынан басты ғұмырды.
Тарих толқыса бетіне қалқып шықпай ма,
Қасірет-қамал сен бұзған мықты бұрынғы.

Әсел тіл өзің,
сөзіңнің ғажап пайымы,
Биіктер ғана, сыны жоқ сафқа лайығы.
Жоғалтсақ сені жасампаз ел де жоғалар,
Осы ғой жұрттың бара алмай жүрген байыбы.

Қызыл тіл – асқақ,
жырлаған тоқсан толғауын,
Шыға бер шыңға, сезін де Тәңір қолдауын.
Өзіңді сүйер ұландар бар да ұлтжанды,
Мүмкін емес қой бәрінен үздік болмауың...

Сенімен салдым өзіндік өмір сүрлеуін,
Бойдағы шабыт байлаған берік күрмеуін.
Нәр берер нәркес көңілге сенсің, Ана тіл!
Басталар сенен, басталар сенен гүлдеуім...
Айтоты БОЛАТҚЫЗЫ,
Арал ауданы,
Жаңақұрылыс елді мекені
18 қазан 2020 ж. 426 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031