КӨКЕМЕ
Жоғарыда жортып жүрген көкеме,
Халықпенен араласқан "етене".
Қарапайым қара халық атынан,
Бір ауыз сөз алғыс айтсам, жете ме?
Өтінемін, айтыңдаршы, көкеме!
Дауыс беріп, көке қылды, адам көп.
Сені сайлап, керегіне жарар деп.
Рахмет, көке, доллар ұстап жүрсің ғой,
Қазағыма теңге жетпей қалар деп.
Ел алдында ие болдың сенімге.
Рахмет, көке, еңбегің көп сенің де.
Өз балаңды оқытасың шет елде,
Жас қазақтар оқысын деп елінде.
Алғыс айтып, қалың елің алқына.
Ақ батасын жаудырады артыңа.
Өзің барып зат аласың маркеттен,
Базарда зат жетсе деумен халқыңа.
Ісім алға жүріп, өрлеп кетсе деп.
Қалың жұртым алғыстарын төксе деп.
Қымбат көлік айдайсың-ау амалсыз-
Қазағыма маршрутта орын жетсе деп.
Жоғарыға əлі талай мінерсің.
Төмендегі жағдайды кім білер шын?
Жоғарыдан төмен қарай қарама,
Бас айналып құлап түсіп жүрерсің...
Сұлтанбейбарыс БАҚЫТБЕК,
ҚМУ-дың ІІІ курс студенті
Халықпенен араласқан "етене".
Қарапайым қара халық атынан,
Бір ауыз сөз алғыс айтсам, жете ме?
Өтінемін, айтыңдаршы, көкеме!
Дауыс беріп, көке қылды, адам көп.
Сені сайлап, керегіне жарар деп.
Рахмет, көке, доллар ұстап жүрсің ғой,
Қазағыма теңге жетпей қалар деп.
Ел алдында ие болдың сенімге.
Рахмет, көке, еңбегің көп сенің де.
Өз балаңды оқытасың шет елде,
Жас қазақтар оқысын деп елінде.
Алғыс айтып, қалың елің алқына.
Ақ батасын жаудырады артыңа.
Өзің барып зат аласың маркеттен,
Базарда зат жетсе деумен халқыңа.
Ісім алға жүріп, өрлеп кетсе деп.
Қалың жұртым алғыстарын төксе деп.
Қымбат көлік айдайсың-ау амалсыз-
Қазағыма маршрутта орын жетсе деп.
Жоғарыға əлі талай мінерсің.
Төмендегі жағдайды кім білер шын?
Жоғарыдан төмен қарай қарама,
Бас айналып құлап түсіп жүрерсің...
Сұлтанбейбарыс БАҚЫТБЕК,
ҚМУ-дың ІІІ курс студенті