Ояна ма ұйқыдан?


Ұйқы қамап, қиял түс,
Жалқау, енжар Бектұрды.
Алысқа самғап, қайтсе де
Ғалым болуға бет бұрды.
Үздіктердің бәрінен
«Қалайда озам» деп тұрды.
Қасындағы досына:
– «Ақыры, таптым» – деді.
–Нені?
–Ғалым атанамын.
Бектұрды тану үшін бәрі –
Үш емес, жеті тіл
Білуім керек кемі!
Жетінші сыныпта көрерсің,
Таңқалдырам сені!
Тек сен емес Бектұрды
Төбеге көтерер елі!
Нашар баға қоятын мұғалім де
Жұмсай алмас әрі-бері.
Қазақ, орыс ағылшын,
Тілдері қинай қоймас мені.
Қытай, парсы, араб, жапон
Өздері ұқсас қой тегі,
Тез-ақ үйреніп алам.
Сонда көрерсің сыныпта
Бектұрдың бола қоймас теңі!
Айфонды тастап, ұйқыны қойсам,
Қаратар ем сан тілдің бетін бері.
...Сөйткен Бектұр батыр-ай,
Ұйқымен күнін еш қылды.
«Бұл қалай болды, апыр-ай,
бүгін де қалдың сабақтан», –
деп анасы кеп тұрды,
ұйқыдан оятайын деп
Жеті тіл білмек Бектұрды.

Сағыныш МАРАЛҚЫЗЫ,
оқушы
02 қыркүйек 2020 ж. 387 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031