» » » Суретшінің тартуы

Суретшінің тартуы

 Суретші Рүстем Әлжанов осы уақыт аралығында портретіне неше тақырыпы арқау етті. Енді суретші Абайдың 175 жылдығына орай суретін салды.
Қаланың қақ ортасында орналасқан ғимарат Абайдың суреті салынған соң ерекше көзге түседі. Сондықтан да болар бұл сурет әлеуметтік желіде көпшіліктің талқысында. Шыны керек, ұлы тұлға тұрғындардың назарына бірден ілікті. Бірі мақтап жатса, енді бірі кереғар пікір айтуда. Туынды бір қарағанда көңілге қонады. Бұл да енді біздің жеке көзқарасымыз. Сонымен кәсіби шеберлікті талап ететін стрит-арттың ерекшелігі қандай, соны да көрейік. Біріншіден, ауа райы мен күн сәулесіне шыдамды. Екіншіден, әдемілігі көз тартады.
"Мен осы жақын жерде тұрамын. Таныстарым хабарласып, әдемі жөндеу жұмыстарын жүргізілгенін айтты. Көбі Абайдың суретін айтып жатыр. Біреулерге ұнаған жоқ. Бірақ өзіме ұнады. Ақынды осылай құрметтеп жатқанымыз дұрыс қой. Енді барлығы Абайдың қара сөздерімен таныс болса деймін. Өмір жолы, елге жасаған жақсылығы жайлы біліп жүрсе дегім келеді", – дейді қала тұрғыны Досбол Ермекұлы.
Ұлттық руханияттың Ұлы тұлғасына айналған алып суретті қала тұрғындарына сый ретінде қала әкімдігінің тапсырысымен «Энерго Ойл» ЖШС демеушілік есебінен тарту етті. Мұны эстетикалық талғаммен қатар тағылымды тірлік деп атауға әбден болады. Ұлы Абайдың алып суреті Абай даңғылы мен Ғани Мұратбаев көшелерінің қиылысындағы №17 үйде салынды. Суретші Рүстем Әлжановтың айтуынша, барлық сылақ әрленіп, суретке дайындалу үстінде. "Ұлы тұлғаның суретін салуға ұсыныс түскенде бас тарта алмадым. Бұл керемет қой. Абай портреті ауызбіршіліктің символына айналады деген үміттемін. Көрсеқызарлықтан, нәпсіден тыйылып, елдің қамын ойлайтын патриот жастар тәрбиеленеді деген сенімдемін", – дейді суретші.
– Универсамда орналасқан ғимараттан өткен сайын әдемі көрінісіне куә боламыз. Абай Құнанбайұлының бейнесіне сүйсініп өтеміз. Сурет адамның патриоттық сезімін оятады. Қаладағы ғимараттардың барлығы осындай суреттермен безендіріліп, ұлттық нақышта өрнектелсе, қаламыз сұлулана түсер еді. Оның үстіне ғимараттардың халық тарихынан, мәдениетінен, рухани құндылығынан сыр шертіп тұрғанның өзі бір ғанибет емес пе?, – дейді қала тұрғыны Ләззат Серікбай.
Мөлдір САБЫРЖАН
сурет Нұрболат НҰРЖАУБАЙ
10 қазан 2020 ж. 288 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031