ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

  Отбасы құндылығы қашанда басты орында. Кеше ғана келін болып табалдырық аттаған келінге мән-жайдың барлығын білу маңызды. Келіндік міндеттен бөлек, отбасындағы рөлі, өзін ұстау мәнері, шай құю тәсілі, сәлем салудың міндеттілігі т.б сұрақтың барлығына Әлима Әбдіхалықовадан артық жауап беретін адам кемде-кем. Әлима Жақыпқызымен әдемі кездесуде осы тақырыптар арқау болды.
«QOSYL» қалалық жастар ресурстық орталығында «Ашық азаматтық қоғам» ақпараттық-ресурстық орталығының ұйымдастырумен, жастар арасында отбасы құндылықтарын насихаттау мақсатында жастар мен жас отбасылар арасында өткен кездесуде облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының «Тәрбие және білім» бөлімінің меңгерушісі Әлима Жақыпқызы отбасының маңызы, отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынасы жайында сөз қозғады.
– Отбасы сөзінің астарында үлкен мән бар. Бүгінде жас отбасылар біле бермейтін, мән бермейтін қағидалар көп. Мәселен, кей келіндер отбасына күнделікті сәлем салғысы келмейді. Кейде ұмыт қалдырған сыңай танытады, кейде қолды бір сілтейді. Бұл негізінен дұрыс емес. Бұл өмірде үлкендердің батасынан артығы жоқ. "Көсегең көгерсін, ұл тап" деген сөздерден не жамандық көрдіңіздер. Сосын орамал тақпайтындар да бар. Мәселені жақында түскен келінді алайық. Жұмысқа бару керек болды, үйден шығамын дегенше орамал тағып алды да. Қоғамдық көлікте оны шешіп, сөмкесіне салды. Кешке үйіне қайтар кезде, қоғамдық көліктен түсіп, үйіне жақындағанда жаулығын тақты. Бұл сонда не? Көз бояушылық па? Кім үшін орамал тартады? Артынан сөз ермесін деп пе? Орамал ол шешіп алып, бүктей салатын шүберек емес қой. Өзінің ерекшелігі, маңызы бар емес пе? Мұндай нәрселер жай әншейін болып көрінер. Бірақ маңызды нәрселерге осылай асты-үсті қарап келеміз. Отбасы құндылығын сақтау, отбасының тату-тәтті өмір сүруін қамтамасыз ету – үйге келген келіннің басты міндеті. Ал біз көзбояушылықпен жүрміз, – дейді Әлима Жақыпқызы.
Жас отбасыларға арналған кездесу психологиялық семинар-тренингке ұласты. ҚР психологтар қауымдастығының мүшесі, «Бітім-Медиация» орталығының психолог маманы Нәзира Аймаханова еркін форматта жастар мен жас отбасыларға арналған семинар-трениг жүргізіп, отбасы туралы көптеген тың ақпараттар берді. Сондай-ақ сергіту сәтінде қызықты ойын ұйымдастырды. Тренинг соңында Назира Кенжебекқызы белсенді қатысушыларға өзінің қабылдауына сертификат табыстады. Қатысушылардың жүзінен тренингтің көңілден шыққанын аңғаруға болады.
Жас отбасылар арасында өткізілген шара мұнымен тоқтап қалған жоқ. Себебі орталықта «Жас отбасыларды қолдау» әлеуметтік жобасы аясында «Ай-Қанат» жастар қоғамдық бірлестінің ұйымдастыруымен ЖОО және ОАО оқу орындарының жас отбасылары арасында семинар өткізілді. Психолог Сымбат Әбдрахманова отбасындағы қарым-қатынас және бала тәрбиесі жайында, қатысушылардың сұрағына жауап берді.
М.КЕНЖЕҒҰЛОВА
22 қазан 2020 ж. 463 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031