» » » "Томирис" фильмінің қазақша нұсқасы жарыққа шықты

"Томирис" фильмінің қазақша нұсқасы жарыққа шықты

   Жақында ғана көрерменге ұсынылған "Томирис" тарихи туындысының қазақша нұсқасы кинотеатр экрандарына жол тартты.
Мұндай ақпаратты фильмнің режиссері Ақан Сатаев өзінің Instagram парақшасында жариялады.
"Достар, бүгіннен бастап, "Томирис" фильміміздің толық қазақша нұсқасын біздің "Меломан" дистрибьютор компаниямыз кинотеатрларға тарата бастады. Киномыздың қазақша нұсқасын күтіп қалғандарыңыз үшін, шын жүрегімізден кешірім сұраймыз!", - деді режиссер.
Айта кетсек, бұған дейін кинотеатрлардан тарихи туындының қазақша нұсқасы көрсетілмеуі әлеуметтік желілерде қызу талқыға түскен еді.
Кейінірек, Ақан Сатаев фильмнің қазақша нұсқасы барын, титрларды латын әліпбиімен жазғандықтан бірнеше грамматикалық қате кеткенін, оның тез арада түзетілетінін айтқан болатын.
30 қыркүйек 2019 ж. 791 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930