Қоғамдық кеңес қызметі жандана түсті

Өңірде кездесіп отырған кейбір мәселелер бойынша кеңес мүшелері елмен жүздесіп, олардың мұң-мұқтажын тыңдауға назар аударып отыр. Сол тақырыптарды атқарушы органдарға жеткізіп, олардың оңтайлы шешілуіне көңіл бөледі. Кезінде кеткен олқылық салдарынан Байқоңырдағы қазақ мектептері ресейлік оқу стандарты бойынша білім беруге мәжбүр болды. Бүгінде бұл мәселе оңтайлы шешімін тапты.
Қызылорда қаласында тұрмыстық қатты қалдықтар жиналатын полигон проблемасы ұзақ жылдан бері өзекті тақырыпқа айналды. Қазіргі таңда ол үшін жаңа орын белгіленді. Десе де, ескісін көму мәселесі толық шешіле қойған жоқ. Сондай-ақ, облыс орталығында кейбір мектептерде оқушы санының артық болу жағдайы кездеседі. Қалада адамдар саны артып, жаңа тұрғын аудандары пайда болды. Дегенмен, бұл аумақтарда жаңа мектептер салу өзекті мәселенің бірі саналады.
Елімізде қатерлі індеттен қорғану мақсатында білім саласы қашықтан оқыту жүйесіне көшті. Бұл орайда интернет жетімсіздігі алдыңғы кезекте тұрады. Өңірде 11 елді мекенге интернет тарту қиын тиіп тұрған жайы бар.