» » » БІЛІМ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАҢАШЫЛДЫҚ КЕРЕК

БІЛІМ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАҢАШЫЛДЫҚ КЕРЕК


Өңірімізде ІТ саласына қызығатын жастар саны артуда. Солардың бірі – ІТ маманы Мұхамедияр Нұрлыбекұлы. Ол бала күнінен компьютерді «шашып-жинауға», программа орнатуға әуестенген. Болашағын осы ІТ технологиямен байланыстырған кейіпкеріміз технология жүйесіне өзгеріс енгізіп, ел игілігіне ұсынуды армандайды.
– Асық ойнап, көкпар тартқан ұлттың ұрпағы робот жасауға бет бұрды. Қиыншылығы неде?
– Қиын өмірді адам өзі жасап алмаса, қиын дегені тек өткінші нәрсе. Өзің қандайсың, өмір сондай. Робот жасауға менің де аса құмартып тұрғаным жоқ, егер адам баласына қажетті және пайдалы болса, неге жасамасқа?!
Роботтың миын «Python» (питон) тілінде жасауға болады. Бұл тілдің ерекшелігі неде?
Программалау және программа бұл да өнер. «Python» тілі бүгінде әлемдік деңгейде үздік бестікке енген. Өте қолайлы, ауқымды және сапасы кепілдік берілген кәсіби тіл.
– ІТ саласы жайлы қандай кітаптарды оқуға кеңес бересіз?
– Негізінде бұл саланың қыр-сырына машықтану үшін шығарылған әдебиеттер өте көп. Десе де олардың ішінде отандық туындылар жоқтың қасы. Сондықтан орысша, ағылшынша кітаптарды қолданамыз. Өзіме теория жүзінде көмегі тиген "Художники и хакеры" кітабын оқуға кеңес беремін.
– Жалпы мамандықтың жаманы жоқ. Бірақ, IT саласы қазіргі уақытта дүниедегі ең мықты саланың бірі. Осыны болашақ ізденушілерге насихаттау, кәсіби ориентация жағынан қандай ұсыныс айта аласыз?
«Армансыз адам қанатсыз құспен тең». Қоғамда ІТ маманына сұраныс артуда. Дегенмен бұл салаға келудің өзі үлкен күш-қайрат және біліктілікті талап етеді. Бұл салада алдағы он жылдықта көптеген өзгеріс болуы ықтимал. Тек алға үлкен мақсат қойып, оған жетуге күш салып, еңбектену керек.
– Елімізде әлемдік IT нарыққа шыға алатындай компаниялар жоқ. Дегенмен мүмкіндігі зор, болашағынан үміт күттіретін, тым болмаса қазақстандық нарықты қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар компаниялар бар ма, атап бере аласыз ба?
– Меніңше, асығатын ештеңе жоқ. Жас мемлекеттің болашағы өте зор. Керітартпа ойларды позитивке айналдырып, күш біріктіріп сенім ұялатсақ, алар асуымыз әлі алда. Әлемдік деңгейде танылған компаниялар санаулы. Олардың саны мен сапасын арттыруға бүгінгі жастар атсалысуда. Уақыт өте келе, бізге де орын табылады.
– Мысалы, көршілес Татарстан, Ресей Украина IT саласында мықты ел қатарында. Ал Қазақстанның ақпараттық технология әлеміндегі болашақ потенциалын қалай елестетесіз?
– Біздегі білім жүйесіне өзгеріс, жаңашылдық қажет. Білім ордасының сапасы сан соқтырса, жетістікке жету қиын. Өз өмірімнен мысал келітірейін. Біздегі білім жүйесі ескірген. Жаңа бағытқа бет алып, жаңа бағдарлама іске қосылғаны кеше ғана. Негізінде әлемде теңдесі жоқ баланс бар, бір табиғи жүйеде сан түрлі мемлекет, ұлт тағы басқа болғанымен, адамзатты алға жетелейтін және табиғатты қастерлейтін технологияны жүзеге асыру жолын қарастырған абзал. Ресей озық, Қытай әлдеқайда басым деп санамызды улағаннан ештеңе өнбейді. Оқырманға айтарым, бұл тек менің тұжырымым, дұрыс-бұрысы ол сізге мәлім. Қателіктерге бой алдырып, мейлінше реттеп, өмірден сабақ алып келемін, сондықтан менің ойларыммен шектеліп қалмауыңызды сұраймын.
26 шілде 2018 ж. 1 601 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930