» Есірткісіз өмір ғажайып

Есірткісіз өмір ғажайып

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс - қимыл басқармасы облыстың оқу орындары арасында бал билерінің ерекше онлайн-конкурсын өткізді. Бал биі байқауы жыл сайын өткізіліп, 2017 жылдан бастап дәстүрге айналды.
Байқауға 64 жұп қатысты. "Есірткісіз өмір ғажайып" бал биі байқауы балалардың қандай жетістіктерге жеткендерін көрсетті.
Тіпті ең кішкентай қатысушылар байқауды байсалдылықпен қабылдады. Байқауға қатысушылардың костюмдерін еркше атап өткен жөн. Әр жұп ерекшеленуге тырысты. Сайысқа қатысушыларды ламбада, сальса, джайв, самба, кукарелла және вальс сияқты би түрлері бойынша мамандар бағалады.
Жеңімпаз болып Қызылорда қаласының №3 мектеп – лицейінің жұбы – Ким Валерия мен Ан Евгений танылды. Екінші және үшінші орындарға Сырдария ауданының №42 мектеп-лицейі мен Қармақшы ауданының №273 орта мектебінің оқушылары ие болды. Оқу орындары мен үш жұп қатысушылары бағалы сыйлықтар мен дипломдар алады. Сондай-ақ дипломдармен және бағалы сыйлықтармен 31 оқу орны марапатталады.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі
---
30 қазан 2020 ж. 195 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031