Талабы таудай бозбала
Нарық заманының талабы бөлек. Бұл ғасыр оңай олжа табуды көтермейді. Демек, ендігі бағыт – мал табу. Мал таппақ болсаңыз, ең бірінші кәсіпті игеріңіз. Кәсіп демекші, мемлекет шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына мүдделі. Бүгінде шағын және орта кәсіпкерлік дамып, бизнеспен айналысатындар қатары күн санап артуда. Осы мақсатта еліміздегі кәсіпкерлер санын көбейту үшін, яғни жастар өзін-өзі жұмыспен қамту үшін түрлі бағдарламалар жүзеге асуда. Сондай бағдарламаның бірі – Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Бастау Бизнес» жобасы. Бұл жоба арқылы кәсібін ашқысы келетін әрбір бастауыш кәсіпкер «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының көмегіне жүгініп, жобасын іске асыра алады. Мәселен, бағдарламаға жүгінген жас кәсіпкер – Еркін Серікбаев «Ауылда кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарды дамыту» деп аталатын екінші бағыты бойынша Қазалы ауданы, Ақтан батыр ауылынан қоғамдық монша және шаштараз қызметін көрсететін кешен ашты. Ел алғысына бөленген жас кәсіпкер кәсібін қалай ашқаны жайында ағынан жарылды.
– «Бастау-Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлікті оқып, мамандардан бағыт-бағдар алдым. Жобамды бірауыздан қабылдап, Қызылорда "Өңірлік Инвестициялық орталығы Микро қаржылық ұйымы" арқылы 5 миллион теңге несие алдым. Жаңадан ашылған кешенде монша мен шаштараздан бөлек, азық-түлік дүкені мен асхана ашу жоспарымда бар. Негізі, Қазалы кәсіптік-техникалық колледжінің "Жол құрылысы" мамандығы бойынша білім алғанмын. Дегенмен, кәсіпкерлікке қарай бет бұрғаныма өкінбеймін. «Бірлік бар жерде – тірлік бар» демекші нарықтық қатынас барысында күнбе-күн ізденіп, еселі еңбек етпей табысқа жету мүмкін емес. Қазір жұмыстың түрі көп. Бейнет ете жүріп, дәулетті арттырудың жолы сан алуан. Мемлекет те шағын және орта бизнеспен айналысқысы келетіндерге қолдау көрсетіп, қамқорлық жасап келеді. Қолдаудың арқасында өз кәсібін, жолын табатындар саны артатынына сенімдімін, – дейді Еркін Әзілханұлы.
Талабы таудай жас кәсіпкер мемлекеттің көрсеткен қолдауына дән риза. Ендігі мақсаты – айқын. Халық артқан сенім үдесінен шығу. Еліміздің танымал тұлғасы, кино әлемінде ерекше із қалдырған Әмина Өмірзақова апамыз “жалпы, өзім артта қалған адам емеспін, өмірмен бірдей келе жатқан адаммын” деген екен. Өте орынды, көңілге қонымды айтылған. Өмірге келген соң, басқадан қалыспаған жөн. Осындай ұлы адамдардың ойлары жастарды өмірге бейімдемек.
Айгүл ҚАРЖАУБАЙҚЫЗЫ