Есірткісіз өмір ғажайып
Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ байқауына
Біз ‒ тәуелсіз елдің ұландарымыз. Бұл ‒ біз үшін ең үлкен құндылық, себебі өз Отанымызда, кең байтақ жерімізде, көк тудың астында бауырымыз бүтін, ата-анамыз бен достарымыздың ортасында деніміз сау болып өмір сүру қандай бақыт! Өмірдің осындай жарқын сәттерінде кейбір адамдар зиянды әдеттермен әуестенуде, яғни ішімдікпен, нашақорлықпен, темекі тартуға үйір болып, өзінің денсаулығына үлкен зиян келтіруде. Түрлі ақпарат көзінен осындай жағымсыз оқиғаларды естісем, жүрегім ауырып, әттеген-ай дейтін кез көп болады. Себебі адамдар түрлі қиындыққа ұшырап, шығар жол таппаса осындай жеңіл әрі зиянды әрекеттерге оңай бара салады. Өмірді өзінше жеңілдеттім деп ойлаған олар осылайша үлкен қателікке бой алдырады. Әр адам қателескен қадамы арқылы өз өміріне, яғни денсаулығына үлкен зиян тигізетінін кеш түсінеді. Сондықтан, достар Алладан аманат боп берілген денсаулыққа жауапкершілікпен қарайық! Саламатты өмір салтын ұстансақ, тәуелсіз елдің жарқын болашағына нық қадам басып, талай биікті бірге бағындырамыз!
Жас дос! Жас өмірімізді керексіз дүниемен уландырмай, келешегімізді жақсылықпен көркемдейік! Бізге «еліміздің болашағы ‒ дені сау жас ұрпақ» екенін ұмытуға болмайды...
Айдана МАХАМБЕТОВА,
№74 орта мектептің 8-сынып оқушысы,
Арал ауданы, Жаңақұрылыс ауылы