Startup weekend

"Startup weekend" қалалық жобаларды іріктеу кезеңіне «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы білім беру серіктесі ретінде қатысты. «Әр ментор нақты 3 жобадан таңдау жасады. Бүгінгі күні өз тәжірибеміз бен жоба мүмкіншілігін қолдану тұрғысында ақыл кеңесімізбен бөлістік. Бұл – жастар үшін үлкен мүмкіндік алаңы», – дейді ментор Фархат Әлжаппаров.
Жобаның қортындысы жас кәсіпкерлерге арналған бизнес лагерінде белгілі болады. «Лагерьге 100 жас қатысу керек. Жобаның ақшалай жүлде қоры да бар. Финалда бірінші орынға 500 мың берілуі мүмкін. Облыс бойынша жастар 200-ге жуық жоба ұсынды. Жастарға кәсіпкерлік саласында тәжірибесі бар менторлар көмек берді. Егер осы жобамыз жақсы нәтиже көрсетсе, жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіп тұрамыз», − дейді Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың «Бизнес-Start» инновациялық жобаларды жүзеге асыру орталығының жетекшісі Жандос Оразмаханов.
"Startup weekend" жобаларды қалалық іріктеу байқауында
"Алтын жебе" жобасы І орынды иеленді. "Qadam" онлайн оқыту платформасы жүлделі екінші орынға тұрақтаса, "From trash to cash" жобасы үшінші орынды қанжығасына байлады. Барлығы 42 жобаның ішінде 22 жоба облыстық оқу лагеріне жолдама алды. Енді облыста білім беру лагері өткізіледі. Онда үздік шыққан бизнес жоба авторлары инвесторлар алдында өз жұмысын қорғайды.
Гүлбану МАҚАЖАН