Сандалбай сәйуз
– Ауданға кеттім, – деді,
Сағираштың келіні.
Бар тірлігін бітіріп,
Күні бойы жүгіріп,
Кетті кешкі аптуызға үлгіріп.
Аудан жаққа бару үшін,
Бір құжатты алу үшін,
Сенделеді,
Ауырып қалса, аудандық «бәлінсада»
Жатып ап емделеді.
Зығырданы қайнайды,
Ысқырып жүріп шіркін-ай,
Бес ешкіні айдайды.
Аптуызға мініп еді,
Жарықтық қара кемпір,
Салып жатыр айғайды.
Күні бойы бір қағаздың соңынан,
Жүгіреді, ұмытып үй-жайды.
Содан бүгін бітпей қалып жұмысы,
Іздеп жатыр үй іші.
Еһ, зулаған уақыт,
Қайдасың, бақыт?!
– Сәлеметсіз бе?
Талоным кеп тұр екен,
Өшірт менікі.
– Қателестің, қарындас,
Мұндағылар жаңылмас.
Талон дегенің тұрғанмен,
«Живой» өшірттен арылмас.
Бұл жүйе бізге тиімсіз екен,
Таныстарды өткізе алмайсың,
Өшіртті үйдегілерге жеткізе алмайсың.
Сонан соң ап тастадық.
Деді ақ коптідегі сұлу.
Қолындағы бір жапырақ қағазына қарады,
Алдындағы адамын санады.
Мына өшірт солай болса,
Кезегі таңға дейін барады.
Түнде қонып ауданға,
Келді таңда бұл маңға.
Өшірті тіріліп кетіпті,
Бұл талон ап тұрғанда.
Өзінің үйінде тұратынын растайтын,
Межелі үдеден аспайтын.
Ешқашан ешқайда қашпайтын,
Анықтамаға келіп еді,
Таң ата келген кезегіне сеніп еді,
Бүгін ертерек қайтам деп,
Енесіне уәде беріп еді...
Тағы да тұрды кезекке.
Кешке жұмысын бітірді,
Қолға түсіріп қағазын.
Аптуыз да кетіп қалыпты,
Уақыты келіп сабазың.
Қалаға барды алдымен,
Ауданнан мініп таксиге.
Түн жарымда барған ауылға,
Сағираштың келіні,
Кіріп кетіпті басқа үйге.
Ауышқан келін,
Сауысқан келін,
Үйін іздеп жүр ауылдан.
Сәкіге келіп құлапты,
Таңертең содан табылған.
Қолында қағаз тұр, әне,
Аудан жақтан сабылып,
Бүкіл ЦОН-ы жабылып,
Алғаны.
Пәленшеева Түгенше осында тұрады,
Деген анықтама ол-дағы.
Қошқарбай ҚАЗЫБАЙ
Сағираштың келіні.
Бар тірлігін бітіріп,
Күні бойы жүгіріп,
Кетті кешкі аптуызға үлгіріп.
Аудан жаққа бару үшін,
Бір құжатты алу үшін,
Сенделеді,
Ауырып қалса, аудандық «бәлінсада»
Жатып ап емделеді.
Зығырданы қайнайды,
Ысқырып жүріп шіркін-ай,
Бес ешкіні айдайды.
Аптуызға мініп еді,
Жарықтық қара кемпір,
Салып жатыр айғайды.
Күні бойы бір қағаздың соңынан,
Жүгіреді, ұмытып үй-жайды.
Содан бүгін бітпей қалып жұмысы,
Іздеп жатыр үй іші.
Еһ, зулаған уақыт,
Қайдасың, бақыт?!
– Сәлеметсіз бе?
Талоным кеп тұр екен,
Өшірт менікі.
– Қателестің, қарындас,
Мұндағылар жаңылмас.
Талон дегенің тұрғанмен,
«Живой» өшірттен арылмас.
Бұл жүйе бізге тиімсіз екен,
Таныстарды өткізе алмайсың,
Өшіртті үйдегілерге жеткізе алмайсың.
Сонан соң ап тастадық.
Деді ақ коптідегі сұлу.
Қолындағы бір жапырақ қағазына қарады,
Алдындағы адамын санады.
Мына өшірт солай болса,
Кезегі таңға дейін барады.
Түнде қонып ауданға,
Келді таңда бұл маңға.
Өшірті тіріліп кетіпті,
Бұл талон ап тұрғанда.
Өзінің үйінде тұратынын растайтын,
Межелі үдеден аспайтын.
Ешқашан ешқайда қашпайтын,
Анықтамаға келіп еді,
Таң ата келген кезегіне сеніп еді,
Бүгін ертерек қайтам деп,
Енесіне уәде беріп еді...
Тағы да тұрды кезекке.
Кешке жұмысын бітірді,
Қолға түсіріп қағазын.
Аптуыз да кетіп қалыпты,
Уақыты келіп сабазың.
Қалаға барды алдымен,
Ауданнан мініп таксиге.
Түн жарымда барған ауылға,
Сағираштың келіні,
Кіріп кетіпті басқа үйге.
Ауышқан келін,
Сауысқан келін,
Үйін іздеп жүр ауылдан.
Сәкіге келіп құлапты,
Таңертең содан табылған.
Қолында қағаз тұр, әне,
Аудан жақтан сабылып,
Бүкіл ЦОН-ы жабылып,
Алғаны.
Пәленшеева Түгенше осында тұрады,
Деген анықтама ол-дағы.
Қошқарбай ҚАЗЫБАЙ