» » Су қаупі сейілді

Су қаупі сейілді


Дәл осы мезетте Сырдарияның «толдым деп төгілетін» мінезі әзірге тыныш. «Судан да, селден де келер қауіп жоқ»,-дейді облыстық жұмылдыру басқармасының басшысы Серік Сермағанбетов. Бастысы, өзеннің ағысы тұрақты. Екінші себеп Сырдария өзені қорғаныс бөгетінің 96 қауіпті учаскесін қалпына келтіру жұмысы аяқталды.
Күшіне мінген су өткен жылдың мамыр айында Қармақшы, Жаңақорған аудандарының шаруаларын, желтоқсан айында қала маңындағы Аэропорт, ПМК-29, ПМК-112 саяжайының тұрғындарын әбігерге салды. Тосын оқиға деуге де болмас, себебі еленбейтін ескертудің де бұл жағдайға қатысы бар. Мамандардың айтуынша, қауіпті аймақтағы шаруаларға күні бұрын айтылғанмен, иесі елемейді, ал жалдамалы малшылар өз еркімен қоныс ауыстырмайды. Біле тұра ескермеудің салдары аса қауіпті. Өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифинг барысында осы мәселе айтылып, шаруаларға алдын ала ескерту жібергенін жеткізді. Сондай-ақ, жұмылдыру басқармасының су тасқынына тас түйін дайын отырғанын байқадық. Жанар-жағар май, қап, қамыс, қой тас сынды материалдардан бөлек, «Казавиапас» АҚ-пен келісім шарт арқылы екі тікұшақ дайындалып, мұз жару жұмыстарын жүргізетін мекемелермен келісім жасалған.  Жалпы қала және аудандар бойынша өзен бойы 56 қауіпті аймаққа арнайы техникалары бар 172 жауапты мекеме бекітілген.
Соңғы аптада 7 ауданда және қала аумағында су тасқынына дайындық, жаттығу жұмыстары жүргізілуде.
Айдана ЖҰМАДИНОВА
11 қаңтар 2018 ж. 807 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031