» » Анимация – жаңа идея

Анимация – жаңа идея

Евгений Демиденко, «HACK DAY-2017» фестиваль қатысушысы:
Анимациялық технологиялар көмегімен жаңа идеаларды жүзеге асырғым келеді
Мультимедиа жүйесінде қозғалыстың әр түрлі кезеңіне сәйкес кескіндер тізбегін жылдамдата көрсету арқылы қозғалыстағы объектіні экранда бейнелеу тәсілі  анимация деп аталады. Осындай  анимациялық туындыны  Кореяда халықаралық деңгейде абыроймен қорғағанҚызылорда  қаласы Мұрагер мектебінің  10- сынып оқушысы  Демиденко Евгении Александрович.
  Сіздің анимацияға деген қызығушылығыңыз қашан басталды?
Анимацияға деген қызығушылығым  8 сыныптан басталды.  Бұған себеп болған  Тимур Мұхамеджанов халықаралық  деңгейдеғылыми  жобаны қорғады. Мен де осындай дәрежеге жету үшін біздің мектепте информатика, ағылшын, география пәндерінен іс-шараларға қатыса бастадым. 9 сыныптан бастап идея пайда болды 6-7 ай практикамен айналыстым. Шынымды айтсам, екі жылдай уақыт жұмсадым.
Анимациялық суреттерді яғни қозғалатын суреттерді қалай жасайды?
Анимациялыққозғалыстағы  суреттерді жасағанда  мендегі програмама  ешкімге берілмейді,  яғни геометриядағы  космус деп аталады, хyz  үш өлшем көрсетіледі, осында сіз өзіңіздің жобаңызды нөлден бастап жүз, екі жүзге дейін істей аласыз. Геометриялық фигуралар арқылы үш бұрыш, куб, пирамида және түрлі плагиндер, материалдар жасалады. Ең маңыздысы, обьекті физикасы деп ойлаймын.
Анимация  қандай жанрларға бөлінеді?
Мен үшін анимация өте қиын, себебі шыдамдылық керек. Осы істі жақсы  көріп, мақтауға тұрарлық еңбектену керек. Анимациялық жанр рухани жанғыру,  яғни, ұлтымыздың тәрбиесін көрсету деп ойлаймын. Алда ақпан айының жиырма бесінде Қызылорда делегациясымен бірге Сеул қаласына барамыз, кейін  Пусан  қаласының Технологиялық университетінде өз жобаларымызды халықаралық  деңгейде қорғаймыз.  Осыдан бес апта бұрын Мерседес бенз арнайы сайтында бір жарысқа  тіркелдім, яғни  2020 жылғы машиналардың түрлері қандай болу керек деген халықаралық деңгейде екі жүздей адам қатысқан іс-шарада мен төртінші орынды иемдендім. Қатысқанадамдар өте білімді, өз ісінің шеберлері болды адамдармен  сайысқа түсу мен үшін үлкен жетістік. Мақсатым қазақ халқының атын шығару. Болашақта осы жобаларды  дамытып , тәрбиелік мәні бар тарихи  мультфильмдер түсірсем деймін.
Анимация жасауға қандай маман қажет?
Анимацияға негізінен сценарист қажет, сосын дыбыстайтын адам және суретші болу маңызды. Осы орайда ата-анама, ғылыми жетекшіме  алғысым шексіз. Сол кісілердің қолдаумен мақсатыма ұмтылып жүрмін.
Алда қандай жоспарларың бар?
    Шетелдік «Дисней» секілді компания құрып, 3D – 4D анимациялық технологиялар көмегімен жаңа идеяларды жүзеге асырсам деймін. Алда жоспарларым көп тынбай еңбектену керек.
БИНАЗИРЖАХАНША
15 ақпан 2018 ж. 1 439 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031