МИЛЛИОНЕР МЕКТЕП МҰРАГЕРДЕ 115 ЖАС МҰҒАЛІМ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

– Марапат құтты болсын! Бұл жеңіс ұжымға қандай серпіліс әкелді?
– Бірнеше жыл қатарынан бұл конкурсқа қатысып, бағымызды сынап келеміз. Биыл осы жүлдеге қол жеткіздік. Қуанышымызды бір сөзбен жеткізу мүмкін емес. Жаңа оқу жылындағы тосын сый болды. Біз бұл жетістікпен тоқталмаймыз. Одан әрі білімімізді шыңдаймыз. Білімді, бәсекеге сай оқушылар дайындауда күш-жігерімізді саламыз.
– 17 миллион қайда жұмсалады?
– Көпшілік көкейінде қомақты қаражатты қайда жұмсайды екен деген сұрақ тұрғаны белгілі. Біздің ұжым ақылдаса келе, бұл қаражатқа мектепке қажетті жаңа құрылғы, құрал-жабдық сатып аламыз деп шештік. Өйткені бұл – мектептің жеңісі.
– Өткен оқу жылының қорытындысына көңіліңіз тола ма?
– Мектепті 9 алтын белгі, 14 үздік аттестат иегері бітірді. Сондай-ақ 11 сыныпты бітірген 107 оқушының 65-і шетелге және мемлекеттік грант иегері атанды.