» » СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС – ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС – ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ

  Сыбайлас жемқорлықпен күресу бүгінгі күннің күрделі мәселесі болып отыр. Жемқорлық – мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індет. Оның тамырына түбегейлі балта шаппайынша, мемлекетте тұрақты өсіп-өркендеу болмайды. Қазір барлық дамыған елдер заманға сәйкес сыбайлас жемқорлықпен күрестің бұрынғы үлгілерін жетілдіруге тырысуда. Соның ішінде сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін жауапкершілікті арттыратын қатаң заңдар қабылдауда.
Елімізде сыбайлас жемқорлықпен күреске жалпы мемлекеттік саясат мәртебесі берілген, оны жүзеге асыру бойынша ұйымдастырушылық және құқықтық іс-шаралар жалпы жүйелік және кешенді сипатқа ие болып отыр. Жемқорлық билік еткен қоғамның алға баспайтынын ескерсек, оны кезек күттірмес мәселелер қатарында тез арада реттеуге тиістіміз. Ал бұдан да жақсы жетістікке жету үшін барлығымыз жұмыла дертпен күрескеніміз абзал.
Қазіргі кезеңде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің маңызды факторларына нормативтік-құқықтық базаны әрі қарай жетілдіру, жемқорлыққа қарсы шараларды күшейту, халыққа қызмет көрсетуде тығырыққа тірейтін көптеген әкімшілік тосқауылдарды болдырмау тәрізді шаралар жатады. Осыған байланысты іске асыратын негізгі шараларға — мемлекеттік органдардың жұмыстарын ашық және анық қамтамасыз ететін мемлекеттік қызмет көрсетудің нақты стандарттарын енгізу әрі шешімдерді қабылдаудағы тиімділікті арттыру мәселесіне кешенділікпен келуге тиіспіз.
Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор.
Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып осы зұлымдықпен күресу болып табылады. Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.
Облыстық халық шығарашылығын дамыту және  мәдени-продюсерлік орталығының «Халық шығармашылығын дамыту» бөлімінің меңгерушісі Гүлжан Байзақова
20 наурыз 2019 ж. 1 085 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930