» » Жұлдыз – жорамал

Жұлдыз – жорамал

  Тоқты
Рухани, психологиялық жағынан мұқтаждыққа душар боласыз. Көп нәрсені қайта-қайта пайымдап, маңызды шешім қабылдауға тура келеді. Бәлкім, кәсіби байланыстар мен жұмысыңыздағы жоспарды өзгертуге тура келеді. Толық жеңіске жету үшін өздігіңізбен іске кірісу керек. Қара бастың қамын ойлайтын кезең туды. Бірақ қасынызда пікірлес, ниеттес адамның болғаны жөн.
Торпақ
Бұл аптада адамдардың назарын өзіңізге аударасыз. Табиғатыңыздан берілген тартымдылығыңыз үлкен рөл атқарады. Жақын адамнан айырылу жаңа серпін беріп, шабыттанып, өзіңізге деген сенімділігіңіз артады.
 Егіз
Күнделікті күйбең тірліктен жалығасыз. Бірақ тағдыр сізге маңызды бір ақпарат береді. Осы ақпаратты оқып білсеңіз, оны болашақта пайдаңызға жаратасыз. Жаман әдеттерден арылғыңыз келсе, іске кірісіңіз.
Арыстан
Ұстанымыңыз тұрақты болғанмен, өз күшіңізге деген сенімсіздік, бойынызды күдік жаулайды. Сізге әсер еткен жағдайлар құтыңызды қашыруы мүмкін. Жұмыста құзыреттілігіңізбен және біліктілігіңізбен көзге түсесіз. Бірақ әріптестеріңізден өзіңізді оқшау ұстайсыз. Жабық дереккөзден келген ақпарат сіз үшін маңызды болады. Осы аптада іс сапар, демалу үшін тұрғылықты жерді ауыстыру сәтті болмақ. Ал қаржы мәселесі отбасыңыздың көмегімен, белгілі бір туыстың көңіл күйіне тіреліп тұр.
Бикеш
Естеліктерге бой алдырасыз. Көңіл күйіңіз мың құбылады. Бұрынғы өкпе-реніштеріңіз тағы буырқанады. Бұл жалған оқиға мен қарым-қатынастар аптасы. Жаман көңіл күйден арылу үшін ішкі еркіндік қажет. Жұлдыздар қайғыдан бас тартып, жақсылап ойлануға кеңес береді. Зияткерлік талқылауларға, творчестволық іс-шараларға қатысып, қызықты кітап оқыңыз. Осы аптада тыстан келген ақпарат көңіліңізді жадыратып, мінезіңізге әсер етуі мүмкін.
Таразы
Кәсіби салада да, жеке мәселеде де қиындықтар туындайды. Дегенмен сәттілік сіз жақта. Апта күтпеген жағдайларға толы. Жаңа танысқан адамның арқасында жоспарыңыз өзгеріп, эмоциялық жағдайыңыз өзгеріске ұшырайды. Сіздің іс-әрекетіңізде құпиялылық көп болады. Бір адамның сіздің жетістіктеріңізді меңгеріп, тіпті материалдық жағынан да басып алуға ниеті болады. Өтірік айтатын адамнан сақ болыңыз.
Сарышаян
Істеген істердің дұрыс-бұрыстығына көзіңіз жетеді. Бұл аптада жұмысыңыз жемісін береді. Серіктестер, керісінше, кедергі болуы ықтимал. Сонымен қатар кездесулер, келіссөздер күтілуде. Атаулы шараға қатысуыңыз мүмкін. Ірі зат сатып алуда ақшаның маңыздылығы артады.
Мерген
Алдағы демалыс саяхаттауға таптырмас уақыт. Қандай жағдай болмасын жоспарларыңызды өзгертпеңіз. Кейінге шегерілген жұмысты қайтадан қолыға аласыз. Тәжірибеңіз толығады. Ескі доспен кездесіз. Шетелден немесе алыстан қонақ күтесіз. Мүлікке қатысты туыстарыңызбен жанжал туып, қатынасыңыз нашарлауы мүмкін. Ол жағдайдың тізгіні сіздің қолыңызда тұр. Материалдық мәселе оң шешімін табады.
Тауешкі
Өз жоспарыңызды сеніп тапсырған адамнан көңіліңіз қалады. Жеке өміріңіз алдыңғы қатарға шығады. Ұзақ уақыт серіктесіңіз болған адаммен қатынасыңыз үзіледі. Жұмыста бірқатар өзгертулер күтеді. Ол көбінесе өзгенің бастамасымен жүргізіледі. Қашып құтыла алмайтын сәтпен  бетпе-бет кездесесіз. Қалыптасқан жағдайға тез бейімделе алатындарды сәттілік күтіп тұр. Өмір салтын өзгертуге мәжбүр боласыз. Бұл – сынақ аптасы.
Суқұйғыш
Достарыңызға, әріптестеріңізге сынмен қарайсыз. Кез келген ақпаратты, сын сүзгісінен өткізесіз. Бірақ беделіңіз артып, сізге деген көзқарас жоғарылайды. Көптеген адамдар сізбен араласып, сеніміңізге енгісі келеді. Алайда сіздің міндетіңіз ұзақ уақыт бойы алдыңызға қойған мақсаттарға бағытталған. Аптада іс сапарға шығасыз.  
Балық
Тағдыр сізге қызықты таңдау ұсынады. Бұған жеке өмірдегі қарым-қатынаста көзіңіз жетеді. Ұмыт болып бара жатқан сезімге берілесіз. Барлық жоспарды өзгерту туралы ой келеді. Өмір салтыңызды қайта қарастырасыз. Жалғыз қалғанда көп ойланасыз, тағдырыңыздағы елеулі шешімді қабылдағыңыз келеді. Жарқын келешек қылаң береді. Оны жүрегіңізбен сезесіз. Тек батыл қадам жасасаңыз болғаны.
14 мамыр 2019 ж. 874 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031