Анасы егіз ұлдарын сатып, ақшасына жаңа телефон алған
Келіншектің айтуынша ол мұндай қадамға ақшаның жоқтығынан және қарыздарынан құтылу үшін барған. Оқиға 2018 жылдың қыркүйегінде болған. Балалардың әкесі олардан бас тартып, қашып кеткен. Келіншек балаларды некесіз туған. Қыздың әке-шешесі де сол себепті одан бас тартқан.
Келіншек егіз ұлдары үшін 65 мың юань алған. Балалардың әкесі осыдан кейін ғана қайтып келіп, ақшамен бөлісуге көндірген. Солайша екеуі де қарыздарынан құтылып, келіншек қалған ақшаға жаңа телефон сатып алған. Полиция бұл туралы жақында ғана, басқа істі тергеу барысында білген. Қазір балалардың анасы да, әкесі де тұтқындалған.