» » Құқықтық сана және мәдениет

Құқықтық сана және мәдениет

   Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен 2019 жылдың 24 қазанында Арал аудандық орталық ауруханасында және Арал ауданы әкімдігінде «Құқықтық сана және мәдениет» тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесуге аурухана қызметкерлері, аудан, кент, ауылдық округтер мен дербес бөлімдерден мемлекеттік қызметкерлер, үкіметтік емес ұйымдар және бюджеттік сала мамандары қатысты.
Кездесудің негізгі мақсаты тұрғындар арасында тұрмыстық сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтың алдын алу болып табылады. Кездесуде «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қорының директоры, заң ғылымдарының магистрі Ж.Тұсмағамбетов тақырыптық хабарламалар жасап, кездесуге қатысушылардың сауалдарына жауап берді. Алдағы уақытта осындай жұмыстар жоспарға сәйкес өз жалғасын табатын болады.
12 қараша 2019 ж. 526 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930