» » Мамандығым – мақтанышым!

Мамандығым – мақтанышым!

   Облысымыздағы Әли Мүсілімов атындағы №101 мектеп-лицейінде 10 сынып оқушыларының қатысуымен Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары подполковник А.Жакиповпен «Мамандығым - мақтанышым» тақырыбында кездесу өтті. Кездесу барысында Алмат Алмасұлы өз мамандығының қыр – сырымен бөлісіп, оқушыларға басынан өткен қызықты оқиғаларын айтты.
Сондай – ақ кездесуге қатысушы оқушылар Алмат Алмасұлына көкейтесті сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды. Оқушылар арасынан әскери қызметші болуды армандайтын жастарымыз болашақ мамандықтары туралы толығырақ мәлімет алып, болашақтарына бүгіннен бастап дайындалатындарын жеткізді. Кездесу соңы оқушылардың А.Жакиповке алғыс айтып, естелік суретке түсуімен жалғасты.
Қызылорда облысының қорғаныс істері
жөніндегі департаментінің баспасөз қызметі
23 қаңтар 2020 ж. 458 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930