МИЛЛИОНЕР ФИЛАНТРОП ДЕГЕН КІМ?
Миллионер сөзі сізге түсінікті. Енді «филантроп» дегеніміз не? Бұл сөз грек тілінен аударғанда «адам» және «жақсы көру» деген мағынаны білдіреді. Яғни өз қаражатын қайырымдылыққа жұмсайтын адам. Әлемде миллионер филантроп ретінде танылғанның бірі – Чак Фини. Бүгінде 7,5 миллиард доллар қаржысы бар кәсіпкердің жиырма жеті елде компаниясы бар. Дегенмен ол ақшаны да, атақты да қажет етпейді. Қолына 15 доллардың сағатын тағып, қарапайым киініп, қымбат емес дәмханада тамақтанады. Жеке көлігі де, үйі де жоқ. Жалдамалы пәтерде түнеп, метроменжүреді. Себебі ол өзінің өмірін қайырымдылық жасауға арнаған. Қайырымдылық қорын ашқанын он бес жылға дейін ешкім білмеген. Соңғы қырық жылда қайырымдылық қорына 6 миллиард доллардан астам ақша жұмсаған. Ол Африка, Австралия, Америка және Ирландия елдерінде қарттар үйін, мектеп пен аурухана ашып, бүгінде 13000 студент білім алатын Лимерика университетін, нейробиологияны зерттейтін ғылыми орталықтар салып, ел игілігіне берген.
Сонымен көзі тірісінде аты аңызға айналған миллионер филантроп Чак Финидің өмірге қатысты ойларына назар аударсақ:- Ақшаны банкке салып көбейте бергенше, қайырымдылыққа жұмсаған дұрыс. Сонда ғана жаныңыз жай табады.
- Ақшаңызды қайырымдылық қорына беру үшін қартайған шағыңызды күтпеңіз. Әлемді жақсы жаққа өзгерту үшін ертерек қимылдаған жөн.
- Діттеген жерге белгіленген уақыттан ерте жетпесеңіз, бизнес-кластан не пайда?
- Қарапайым 15 доллар тұратын сағаттың көмегімен уақытты біле алатын болсам, қымбат сағаттың не қажеті бар?
- Ақшаңыз көп болса, үлкен мәселені шешуге атсалысыңыз. Бір мәселенің шешімі миллиондаған адамның өмірін жеңілдетеді.
- Менің істеген ісім адамдарға пайдасын тигізбесе, өзімді бақытсыз сезінемін.
ҚМУ-дың ІV курс студенті