» » » ҮНСІЗДІККЕ ҮЙІР МЕНДІК ДАРАЛЫҚ

ҮНСІЗДІККЕ ҮЙІР МЕНДІК ДАРАЛЫҚ

Ерсін ШАМШАДИН: ҮНСІЗДІККЕ ҮЙІР МЕНДІК ДАРАЛЫҚ

 САНДЫРАҚ
Жаңылдырмас күнді
Құлдығымыз мәңгі.
«Гүлге ораймыз — мұңды;
Жырға ораймыз — таңды»

Өзім

Сен жыламаса екен деп дегбір қалмай бұл,
Зорға ұмтылған жанды, сорға жығып құр.
Зарық тұнған көзден шарыққа көз тастап,
Зайғы арасы бөсіп, көсемсіп сөз бастап…
Жан шуағы Нұрдың жанарыңа ауып
Мен сағынам жолды, мені күтіп ауыл
Тұрғандығын сезсем, жан ауырлай күлкі
Безер беттен сосын, жынданамын бір күн.
Далабезер ұлдың қалаға жат ырқы,
Таланымның иісі — ауылымның жолы…
Сезем…
«КЕРЕ — СӨЗ»
Жанымнан бәрі кеткендей күйдемін.
Жалғызынан айырылған ананың
Жылағанындай үйдегі…
Өлеңді бүгін оқымай,
Гүлді де бүгін сүймедім.
Жүрмедім тағы көшемен
Өңі ұқсайтын өзіме.
Жүрген жолымды шаң басты
Көлеңкелердің ізімен.
…Жүздесулерден қаймығам,

   Кездесулерден кешігем.
Сен менен, достым, сұрама,
Кеуденің неден бүргенін,
Кеуденің оты сөнгенін?!
Жазмыш жаңылып кетердей
Сөйлесем
Сөзім жетер ме?..
Жазбаған сөздің обалы
Алқымнан ап кетердей
Қорқамын!!!

БӨРІ СОҚПАҚ
Иен дала, иір-иір ізбін де…
Өңешімде өкірілмей өксік қап.
Өзеуреген өлімімді көрдің бе
Қыр астынан тосып жүрген қырсық бақ?!
Қарашыққа жас қаматып қыршыннан,
Өкпелімін өгейсіткен өткенге.
Базынамды тырналар мен тылсымнан
Сәлем артып жібергенмін көктемге.
Үнсіздікке үйір мендік даралық
Абаданға көшкен кезде кеспірім.
Ай бетінен аяр көріп, аларып,
Үйірімнің үзік үнін естідім
Апан қазар айға кетіп жоғалған.
Қабағымда зілмауырдай сел бар-тын,
Жамалымды жаспен жудым қасқа рең.
Жалғыз туып, жалқы жортқан көкжалдың
Жанарының арғы жағы басқа әлем.
Құса күймен мәңгі маңып сүрлеуде,
Әлем салған әсем әнге елітіп.
Құйындар кеп өлім биін билеуде
Құзғындар жүр жерітіп…
Жазғырмашы: ерте жылап, ес кірсе,
Зор ғаламның обалы бар төменде.
Өларада ғайып күйде ескірсем
Сіңіп кетем көкке… Сосын…
Өлеңге.
Азаулыда аға болған ерлер көп еді,
Әйтсе де алмаға ат байлағаны жоқ еді
Доспамбет жырау
Аға
Аға…
Мазарын құшып, азарын көрген мұңлық көп!
Жалғыздығынан жадырап өткен жан қайсы,
Бар еді одан айырмаң.
Қайырын білер алты атам сыйған құмаққа
Құжыра тігіп жатар ем
Қайырылудың түбі қайыр ма?
Өкпеге қиып, өлтірмес деген өлеңнің
Уытын татып торықтым
Уынан барып сен іштің.
Менің басымда — сор қалың
Сенің ішіңде — кеңістік.
«Өлең деп өмір сүрген күн — өкіндірмесің»
Ал, қані?
Өң менен түсте алқынып
Айкезбе торып жүргесін
Ажалда маған — алданыш!!!
Жыр туын ұстап жорыққа
Жасанып кеткен көкемнің
Көргені де — осы.
Көнем бе?
Менің ажалым — мұңымда,
Сенің өмірің — өлеңде.
Жылан көзденіп жырамен құрдымға барып сіңген-ді
Сен көзін ашқан сызашық.
Көк тіліп түсер жасынның
Жолдасы болып іңірде
Жерініп жерден ұзашы.
Көрмегендердің көзі ақсын!!!
Сосын…
Шыңырау түбі шырмалып
Күбірмен дұға жалғаймын.
Кезерген ерін қайталап…
Қараудан саған көз тала…
… Қолыңды созшы жақын тұтқаным…
27 желтоқсан 2018 ж. 1 348 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031