
Көлденең көк аттылар
Осыдан бірнеше күн бұрын аялдамада маршрут күтіп тұрып екі достың әңгімесін құлағым шалып қалды. Бірі әңгімесін айта келе жанындағы досына қарап: осы тапқан табысымызға да шүкір деді. Мына сөзді естіген екіншісі, оған жекіп тастады. "Біз өз елімізде тұрып, бір айдан келесі айға әрең жететін айлыққа қарап...