
САЯХАТ
– Шақырдыңыз ба, әкім мырза, – деп есікті жұдырығының ұшымен ғана ұрып, ақ жейде киген қыздың дауысы ұйқымды бұзып жіберді.– А, әкім?! Қайдағы әкім? – деп мен мамық, әрі таза тігілген қоңыр түсті креслода шалқайып жатқан күйі құлап кете жаздадым. Көзін жыпылық-жыпылық етіп, хатшы қыз қос қасын көтерген...